Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» террорлық қозғалысы арасында бейбіт келіссөздер жасалуы үшін дәнекер болуға дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы, кеше, 18 маусымда Өзбекстанның сыртқы саясат ведомоствасының баспасөз қызметі хабарлады.
Үстіміздегі жылдың 27 наурызында Ташкентте өткен Ауғанстан мәселелері жөніндегі халықаралық конференциядан кейін Өзбекстан ресми Кабулмен, сонымен қатар АҚШ, Қытай, Ресей, Оңтүстік Азия, Орта және Таяу Шығыс елдерімен консультативтык кездесулер өткізіп, нәтижесінде Ауғанстандағы жағдайға байланысты «Талибан» қозғалысы өкілдерімен мәмілелесуге шешім шығарған. Еске сала кетсек, 15 маусым күні Ауғанстан билігі мен тәлібтер 17 жылдан бері алғаш рет уақытша бітім жасасқан еді. Ел президенті Ашраф Гани осы келісімшарт ұзақ жылғы соғысқа нүкте қоядыдеп үміттенетінін де жасырмады. Алайда, Түркіменстанмен шекарада ДАИШ өкілдері тарапынан жасалған шабуылға байланысты қайта көтерілген тәлібтер, президенттің уақытша бітім мерзімін ұзарту ұсынысын қабылдамайтындықтарын мәлімдеген болатын. Енді, Өзбекстан билігі де бұл мәселеге араласа бастады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі