Путинның алдағы Бішкек сапарының Қырғызстанның сайлауына қатысы бар. Орталық Азия мәселелерінің саяси сарапшысы Ресей президентінің Бішкекке жасайтын алдағы сапарын Қырғызстанның келесі сайлауымен байланыстырды, деп хабарлайды “Фарс” баспасөзі.
Марс Сариев "Фарс" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путиннің 28- ші ақпанға жоспарлап отырған Бішкек сапарын Қырғызстан республикасында қыркүйек айында өтетін сайлауға байланысты маңызды деп атап, екі жақты және аймақтық байланыстарға шолу жасау мен Қырғызстанның Еуразия Экономикалық Одағына кезекті төрағалығы тақырыбын Путинның Алмазбек Атамбаев және Қырғызстанның жоғары деңгейлі өзге басшыларымен келіссөздерінің өзекті тақырыптары болатынын айтып: «Қырғызстанның кейбір ақпарат құралдары Путиннің Бішкекке сапарымен осы елдегі келесі президенттік сайлау үшін саяси күрестер басталады деп санайды» деді.
Қырғызстанның заңдары бойынша қазіргі президент Алмазбек Атамбаев алдағы президенттік сайлауға қатыса алмайды. Осыдан бұрын Қырғызстан СІМ Ресей президенті Владимир Путиннің Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстан елдеріне кезекті сапар шегетінін хабарлады. Ол осы сапарда Қырғызстанның жоғары деңгейлі қайраткерлері мен осы елдің президенттік сайлаудан кейбір үміткерлерімен кездеспек.
«The Qazaq Times»

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес