Шілденің орта шетінде Еуропалық Одақтың ең жоғары лауазымды тұлғалары ЕО-Қытай саммитін өткізу үшін Қытай орталық қаласына бармақ. Бұл елеулі бас қосудан бұрын халықаралық Адам құқығын қорғау ұйымы мен баса да 23 құқық қорғау ұйымдары бірлесе отырып, Қытай үкіметіне ашық хат жолдады. Сол арқылы ЕО лауазымдыларын адам құқығын барынша қолдауға шақырып, Қытайдың түрлі кездегі саясатына байланысты бас бостандығынан айырылған адамдарды бостауды өтініш етті.

Ашық хат жолдаушы ұйымдар ЕО-дан бірқатар нақты шаралар қолдануды сұрады. Айталық Қытай билігі жағынан қамалған адамдарды босату туралы талап етуде. Олардың ішінде Нобель бейбітшілік сыйлығын алған Лю Шяубоның әйелі, 2015 жылы тамызда қамалғаннан кейін еш хабарсыз кеткен құқық қорғаушы Уаң Чуанжаң, тибеттік ақтаушы Жа Шивенцы, ұйғыр ғалымы Илхам, Тайвань мен Гонконгтан қамауғаға алынға саяси тұтқындарды босату туралы талаптар қойды.

Бұл ұйымдар сондай-ақ, ЕО мен оған мүше елдерді Қытайдағы адам құқығы мәселесіне назар аударуға шақырды.

“The Qazaq Times”