Америкалық «The Wall Street Journal» басылымы "Франция президенті Эммануэль Макрон француз тілін Еуропа одағының негізгі ресми тіліне айналдырғысы келеді", деп – хабарлайды.
Макронның ойынша, Ұлыбританияның Еуродақ құрамынан шығуы (2019 жылдың 29 наурызында шығады деп күтілуде — ред.) Еуродақтың негізгі тілінің өзгертілуі үшін қолайлы сәт. Ол, сондай-ақ 1979 жылға дейін Еуропада француз тілі іс-қағаздарын жүргізуде басты тіл болғанын да айтып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 21 наурызында француз тілінің халықаралық күнінде президент Эммануэль Макрон әлемде француз тілі мен мәдениетінің кең таралуына қатысты жоспарын жариялаған еді. Макронның жоспарына сәйкес, 2065 жылға қарай француз тілінде сөйлейтіндердің саны миллиардқа жетуі керек.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел