Өзбекстан президенті Шафкат Мирзияев 12 маусым күні Рамазан айының құрметіне бас бостандығынан айырылғандарға қатысты жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
Рахымшылыққа іліккен 226 өзбек азаматының әрқайсысы әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылған. Олардың бәрі де түрлі деңгейде қылмыстар жасағанмен, істеген істеріне өкінушіліктерін білдіріп және тура жолға түсетіндіктеріне уәде еткен. Президент жарлығына сәйкес, рахымшылық жасалған 226 сотталушының 102-сі жазаларынан толықтай құтылады, ал 71-і шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады. Ал, қалған 39-ның жазалары жеңілдетілген. Сонымен қатар, 14 сотталушының жаза мерзімдері қысқартылған. Айта кететін жайт, бұдан бұрынғы осындай рахымшылық шаралары Конституция күні мен Тәуелсіздік күндеріне орай жасалған еді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы