АҚШ президенті Доналд Трамп, 4 ақпан күнгі сөйлеген сөзінде, АҚШ-та жұмыспен қамту және экономиканы ынталандыру шаралары өз өнімін көрсете бастағанын, алайда, АҚШ жағдайын жақсарту үшін қосымша жұмыс ашу керектігін атап өтті. Бұл туралы World.Xinhua08 хабарлайды.
Құрама Штаттардағы өзіне деген қарсылықтардың, халықаралық қысымдардың өршіп тұрғанына қарамастан, президент Трамп АҚШ экономикасын алға ілгерлетуге ынталы. АҚШ азаматтарын жұмыспен қамту, елдің экономикалық өсімін жандандыру – Трамп билігінің президент сайлауында берген уәделерінің бірі. Америка мүддесін қорғау мақсатында жасаған шешімдері халықарада, елі ішінде әр түрлі қарсылықтарға ұшырап жатса да, Трамп мырза өз саясатын батыл жалғастыратынын ашық айтып кетті.
Қаңтар айындағы жұмыспен қамту көрсеткішіне қарағанда АҚШ-та жұмыспен қамту мөлшері жоғарлайды деп күтілуде. Жекелеген тұлғаларды біріктіре отырып, жұмыспен қамту шарасы өнімін берген. Перезидент Трапм мырза ел экономикасы тың тебінмен артады деп сеніп отыр. Ол мәлімдемесінде үкімет жасап жатқан шараларға тоқталды. Айталық, бизнес және жұмыспен қамтуды басқару элементтерін, экономикалық бақылау шараларын жаңартқан.
АҚШ Еңбек департементінің директоры 3 ақпандағы мәлімдемесінде, қаңтар айындағы ауыл шаруашылығына жатпайтын секторлардан саны 227 мыңға жетіп, экономиканың өрлеу тебінін танытқанын айтты. Бұл көрсеткіш өткен жылы 187 мыңды көрсеткен екен. Көп жұмыс күшін біріктіру және жұмыспен қамту шарасы арқылы өткен айдағы 4,7 пайыз көрсеткіштен, 4,8 пайыздық көрсеткішке өскен.
“The Qazaq Times”

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес