Қытай елі Қазақстанда салынатын төртінші мұнай өңдеу зауытын қаржыландырады. Жаңа зауыт құрылысына 2 млрд доллар жұмсалады деген ақпар бар. Бұл туралы Investing.com порталы хабарлайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға сапары кезінде Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауытын салу керектігін айтқан еді. Осы күні елімізде жұмыс істеп тұрған қара алтын өңдейтін зауыттардың барлығы жөндеуден өткен. Алайда 3-4 жылдан кейін жанармай тапшылығы қайта сезілуі мүмкін. Сондықтан Президент жедел түрде қосымша зауыт тұрғызу керектігін ескертті.
Жаңа зауыт құрылысы 2022 жылы аяқталады деп күтілуде. Қазір Атырауда, Павлодар мен Шымкент қалаларында мұнай өңдейтін зауыттар бар. Төртінші зауыттың әзірге қай өңірде тұрғызылатыны белгісіз.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы