Сүрия Араб Республикасының президенті Башар Асад Сүриядағы қақтығыстың жалғасуына Батыс елдері жауапты деп мәлімдеді. Сүрия президенті бұл туралы 10 маусым күні Daily Mail басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды «evrensel.net» агенттігі.
«Қақтығысты бір жылдың ішінде реттей аламыз деп үнемі айтып келемін. Бұл аса қиын шаруа емес. Бірақ оны сыртқы килігулер қиындатуда. Біз осы мәселеде алға жылжыған сайын, Батыс та террористерге үлкен қолдау көрсетуде», - деді Асад. Ол сүриялық заңды билік саяси және әскери тұрғыдан неғұрлым жетістікке жетсе, Батыс, әсіресе АҚШ, Ұлыбритания және Франция соғұрлым қақтығысты созып әрі оның реттелуін барынша алыстатуда, - деп нақтылады.
Негізінде, Башар Асадтың Сүриядағы жағдайға кінәліні Батыс елдерінен, әсіресе АҚШ-тан көретіні, елдегі террорлық топтарға тікелей қолдау көрсетеді деп кінәны сырттан іздейтіні бір бұл емес. Сырт көзге де белгілі, Асад режимі елдегі азаматтық соғысты ауыздықтаудың орнына, керісінше одан сайын ушықтырып жатқаны белгілі. Халықаралық саяси сарапшылар да Асад елдегі жағдайды реттеуден гөрі, керісінше сыртқы алпауыт елдерге көбірек иек артады деген пікірде.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі