Хусит басқыншылары Сауд Арабиясына қарата зымыран атты – деп хабарлайды «Sky News Arabia» телеарнасы.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Йемендегі Хусит басқыншылары Сауд Арабиясының Наджран қаласына қарата екі бірдей баллистикалық зымыран атқан. Сауд Арабия қарулы күштерінің хабарлауынша, Хусит басқыншылары атқан екі зымыранның бірі Йемен аумағында ал екіншісі Наджран қаласының әуе кеңістігіне енген сәтте атып түсірілген.

“The Qazaq Times”