Вашингтондағы федералды судья Дональд Трамптың жарлығына бөгет қоюға бұйрық бергеннен кейін осы елдің Кеден басқармасы әуе компанияларынан Америкаға визасы бар кісілердің кіруіне кедергі жасамауды сұрады. Бұл туралы “Фарс” баспасөзі хабарлады.
Американың Кеден және шекара күзеті басқармасы америкалық әуе компанияларына Трамптың жарлығы бойынша Америкаға кіруге тыйым салынған кісілерге қызмет көрсетуді жалғастыра алатындықтарын хабарлады. Дональд Трамптың миграциялық тыйым жарлығын уақытша тоқтату туралы Уашингтон штатындағы Сиэтл қаласының федералды судьясы Джеймс Робaрт үкім шығарды.
«The Qazaq Times»















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес