Бүгін Канадада «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті басталады. «Үлкен жетілік» құрамындағы экономикалық тұрғыдан дамыған алты алпауыт ел (Америка, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия) мен АҚШ арасындағы тереңдей түскен келіспеушілік ақыры аталған саммиттің өткізілуіне себеп болып отыр. Екі күнге созылатын осы жиын барысында Вашингтонның Еуродақ елдерінен, Канададан және Мексикадан шығарылатын болат пен алюминийге кеден салығын енгізуі кеңінен талқыланбақ.
Әлемдік экономисттер Вашингтон тарапынан жасалған осы қадамға "Батыс елдері арасындағы сауда соғысының басы" деп баға беруде. Бұған дейін де жазып өткеніміздей, Франция президенті Эммануэль Макрон аталған елдерді Америка билігіне қарсы ұйымдасуға шақырып әрі АҚШ президентінің аталған алты ел тарапынан шеттетілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Енді, алда күтіп тұрған осы саммит АҚШ пен "Үлкен жетілік" арасында туындаған алауыздықты шеше ала ма деген көп сауал туындауда.
АҚШ президенті өз тарапынан Макрон мен Канада премьері Джастин Трюдоны «Олар Америкадан импортталатын тауарларға салық салды әрі сауда қатынасында өзге де кедергілер жасауда» , - деп сынаған болатын. Сондай-ақ, ол: «Еуродақ АҚШ-пен сауда қатынасында 151 миллиард көлемінде пайда көреді. Ал Оттава өз нарығына америкалық фермерлер мен өзге де өндірушілердің өнімдерін кірізбей отыр», - деген еді.
Сонымен қатар, аталған саммит қарсаңында Квебек-Ситидің орталығында бүкіл дүниежүзінен жиналған антижаһандану белсенділерінің қарсылық науқаны жоспарлануда. Қазір онда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Арнайы көліктермен қоршауға алынған көптеген көшелер тәртіп сақшылары мен тікұшақтардың қатаң бақылауында.
«Үлкен жетілік» елдерінің аталған саммиті бүгін, яғни 8-маусым күні жергілікті сағат 12:00-де (Астана уақытымен 22:00) басталып, екі күнге жалғасады деп жоспарлануда.