Режеп Тайып Ердоған: «Түркия армиясы Ирактың үш бірдей қаласында әскери операция жүргізуге дайын» – деп мәлімдеді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «CNN Turk» телеарнасына берген сұхбатында: «Түркия армиясы Ирактың үш бірдей қаласында әскери операция жүргізуге дайын. Атап айтқанда біз Ирактың террористер иелігіндегі Синджар, Кандил және Махмур қалаларына соққы жасауға дайынбыз. Мен бұл опперация жөнінде алғаш рет айтып отырмын. Себебі аталмыш қалалар лаңкестердің көзін жоюда үлкен стратегиялық маңызға ие» - деген.
Бұған дейін Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлу NTV телеарнасына берген сұхбатында: «Солтүстік Ирак аумағындағы «күрд жұмысшылар партиясы» террорлық ұйымы Түркияның территориялық тұтастығына қауіп төндіруде. Түркия бұдан былай Ирак аумағындағы лаңкестерге сырттай бақылау жасап отырмайды. Біз кез келген уақытта, кез келген аумақта әскери операция жүргізуге дайынбыз» - деп мәлімдеген.