АҚШ лауазымдыларының сөзіне қарағанда, Құрама Штаттың одақтастары мен серіктес елдері Иранмен болған сауда байланыстарын жалғастыра беретін болса, Уашингтон жағына қысымдарға тап болмақ. Соның ішінде санкция ықтималдығы да бар. Бұл туралы АҚШ-тың VOA агенттігі хабарлады.
Сейсенбі күні АҚШ Қаржы министрлігі ескерту жасап, Иран құрғақ компанияларды және заңсыз қаржыландыру арқылы өзінің арандату әрекеттерін жалғастырып келе жатқанын, 2015 жылы ядролық келісім жасалғаннан кейін де бұл әрекеттерін тежемегенін айтты. АҚШ лауазымдыларының айтуынша, Иранның бұл әрекеттері «шектен шықты».
Қаржы министріне қарасты Терроризмге қарсы және қаржы бақылау департаментінің директоры Манделк сөзінде: «Иран режимі компанияларды алдап, қаржы жүйесін тұрақтандыруға кедергі келтіреді және сіздің компанияңызды және механизмін қатаң санкцияларға ұшыратады. Иран режимі терроризмді, адам құқықтарын бұзуды және Хизбалла, Хамас және Хусейн секілді террористік топтарды қолдау үшін осы заңсыз қаражаттарын пайдаланады», – деп айыптады.
Өткен айда АҚШ президенті Дональд Трамп 6 ел қол қойған Иран ядролық келісімінен бас тартып, келісімді «біржақты мүдделерге бағытталған нашар келісім» деп бағалаған. Ол және Иранның ядролық әрекеттеріне қарсы барлық санкцияларды қалпына келтіруге бұйрық берген. Дегенмен, еуропалық елдер Иран аталған келісімді атқарып отыр деп қарап, келісімнен бас тартпайтындарын жеткізген.
АҚШ Қаржы департаменті Құрама Штаттың одақтастарын қаржы жүйелерін бекемдеуге шақырды. Сондай-ақ, америкалық және оған серіктес елдердің компанияларына ескерту жасап, АҚШ-тың қатаң санкциясына ұшырамас үшін Таяу Шығыста Иранның заңсыз қаржыларынан аулақ болуды ескертті.