МАГАТЭ Фордодағы нысанға барып, байытылған уранның нұсқаларын тексермек. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік мәлімдеді.
Ұйым өкілдеріның айтуынша, Теһран батыс елдері ядролық келісімді орындамаса Аракадағы ауыр сутектік реакторды да өзгертуден бас тартпақ. Таяуда Иран осы ядролық нысанда уранды байыту үшін жаңа 30 центрифуганы іске қосатынын хабарлаған болатын. Осылайша, Теһран 2015 жылғы ядролық келісім бойынша алған міндеттерді қысқартудың төртінші кезеңін бастады.
2015 жылы Иран мен «алтылық» (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Ресей) елдері ядролық бағдарлама бойынша тарихи келісімшартқа қол қойып, нәтижесінде Теһранға (Тегеранға) қатысты санкциялар жеңілдетілген еді. Сонымен қатар, Иран қаруға қолданылатын плутонийді шығармауға, 15 жыл бойына 3,67%-ға дейін байытылған уранның 300 кг-нан аспайтын мөлшерін ұстауға, ядролық нысандарды қайта жабдықтап, оларды тек бейбіт мақсатта пайдалануға міндет алған.
АҚШ бұл келісімнен былтыр мамыр айында шығып кетіп, Иранға қарсы экономикалық санкцияларды қалпына келтірген. Екі ел арасындағы кикілжің Уашингтон Теһранды Персы шығанағында мұнай танкерлеріне шабуыл жасады деп айыптағаннан кейін ушыққан.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр