Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу ТМД елдерін Сүрия мәселесін бірлесіп шешуге шақырды – деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Сергей Шойгу ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінде: «Қазіргі таңда Сүрия аумағының басым көпшілігі террористерден азат етілді. Лаңкестердің халифат құру жоспарының жолы кесілді. Қауіпсіздікке бірлескен күш-жігер арқылы ғана қол жеткізуге болатыны барлығына аян. Осыған байланысты сіздерді Сирияда бейбіт өмір қалыптастыруға ат салысуға шақырамын» - деп мәлімдеген.
ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесіне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Армения және Беларусь мемлекеттерінің ресми өкілдері мен Моңғолия қорғаныс министрі Нямаагийн Энхболд құрметті қонақ ретінде қатысқан.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды