2018 жылдың 13-15 шілде күндері, Петропавл қаласында, Сегіз сері Бахрамұлының 200 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің ұйымдастыруында, дүниежүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP-2018» турнирі өтеді.
Шараның басты мақсаты – әлем қазақ жастарының басын қосу, олардың арасындағы түсінікті арттырып, атамекен – Қазақстанға деген сүйіспеншілігін тереңдету.
Кезекті турнирге Франция, Германия, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Иран, Өзбекстан және Қырғызстандағы этникалық қазақ жастарынан құралған командалар мен Қазақстанның әр облысынан келген шағын футбол командалары қатысады.
Жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды. 1-ші орынға "ER JANIBEK CUP" кубокі және 1 млн. теңге, 2-ші орынға 500 мың теңге, 3-ші орынға 300 мың, 4-ші орынға 200 мың теңге көлемінде жүлде тағайындалған.
«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі әлемнің әр түкпіріндегі қазақ жастарын Петропавл қаласында өтетін «ER JANIBEK CUP-2018» турниріне шақырады. Сонымен бірге, барлық қазақ тілді БАҚ өкілдерін әлемдегі қазақ жастарының басын қосатын игілікті шараға ақпараттық қолдау көрсетуін сұрайды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті