«Италия бұдан былай мигранттар мәселесін шешпейді». Осылай деген Италияның жаңадан сайланған Ішкі істер министрі әрі вице-премьері Маттео Сальвини мигранттар мәселесінде Еуродақтың тек сөз жүзінде ғана көмектесетінін айтты.

Еуродақ мигранттар мәселесін реттеуде Италияға көмек көрсетуі тиіс, әйтпеген жағдайда Италия бұл мәселені шешудің басқа жолдарын іздейді деген ол, бүгін — 4 маусымдағы ресми мәлімдемесінде. Бұл туралы abhaber.com агенттігі хабарлайды.

Нақты қандай «жолдар» екенін айтпағанмен, вице-министр неде болса құқықтық және экономикалық әдістерге сүйенетінін ескертті. Ол, сонымен қатар, «Италия босқындардың лагеріне айналдырылмайды, оған жол бермейміз», - деді. Оның сөзінше, жүз мың мигранттың бәрі бірдей босқын болып табылмайды. Сол себептен, Италия осыншама мигранттарға (босқын болып саналмайтын) кететін шығынға жол бермейді. Әрі, мигранттардың Италияда болу мерзіміне қатысты мәселені де қайта қарауға алу керек. Себебі, ақылы екі жарым жыл — өте ұзақ әрі шығынды уақыт болып саналады. Сальвинидің айтуынша, ЕО билігі мигранттар мәселесіне тек сөз жүзінде ғана қолдау көрсетеді. Ал оларды іс жүзінде реттеуге келгенде — бәрі керісінше. Жерорта теңізі елдеріне қаржы өте аз жіберіледі. Ал, Еуропаның солтүстік және шығыс елдеріне қаржылай көмек көбірек көрсетіледі. «Бір таңқаларлығы — біз көршілерімізге қарағанда, көп ақша төлейміз. Ал, алу жағына келгенде өте аз аламыз» , - деді Сальвини. Бұрыннан өзекті саналған босқындар мәселесі, соңғы уақыттары Батыс елдерінің арасында, әсіресе Еуродаққа мүше елдер арасында келіспеушілік тудырып жүргені рас. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Франция билігі де ел астанасының маңындағы босқындар лагерін жаппай жоюға шешім қабылдап, ол ойларын іске асырған еді. Енді, босқындарға "жомарттық" танытып келген Италия да бұл мәселеде санаса бастағандай.

 “The Qazaq Times”