Түркия ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Израиль азаматтары қарулы күштердің қолдауында Батыс Шерия жеріндегі палестиналықтардың бір ауылын басып алған. Жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс орын алып, төрт палестиналық жарақат алған. Қаза болғандар туралы мәліметтер жоқ. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметі хабарлады.
Палестина үкіметінің лауазымдысы Гассан Дағлас жасаған мәілмдемеде, еврей азаматтары топтасып, Батыс Шериядағы Уриф ауданында бір елді мекенді басып алғаны әрі оларға Израиль қарулы күштері қолдау көрсетті делінген. Мәлімдемеде, Израиль қарулы әскерлері үш адамды атып жаралағаны да айтылады.
Осымен қатар Израиль әуе күштері Газа өңіріндегі Хамас күштеріне қарасты екі бекіністі талқандаған. Израиль тарабы бұл шабуыл туралы ресми мәлімдеме жасамаған.