Ұлыбритания парламенті ІІМ Саджид Джавидті Ресей Федерациясын халықаралық қылмыстық полиция ұйымы «Интерполдың» мәліметтер базасынан шектеуге шақырды. Бұл туралы британдық «The Telegraph» басылымы хабарлайды.
Парламент мүшелерінің мәліметтерінше, Ресей Интерполдың арқасында «Hermitage Capital» қорының негізін салушы Уильям Браудерді қолға түсіруге тырысқан. Олардың ІІМ-не үндеу жасауларына Браудердің Мадридте испаниялық құқық қорғаушылар тарапынан тұтқындалуы себеп болған.
Испаниялық құқық қорғаушылар бұдан бұрын Ресейдің өтінішімен тұтқындалған «Hermitage Capital» инвестициялық қорының басшысы, британиялық қаржыгер Уильям Браудерді босатқан еді. Бұдан бұрын, Ресейде «Путиннің №1 дұшпаны» деп аталып кеткен Уильям Браудердің Мадридте қолға түсірілгені туралы хабар тараған еді. Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың 11 маусымында Мәскеу Уильям Браудерді салықтарды төлеуден жалтарды деп айыптап, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай шешім шығарған еді. Енді осы мәселе Ресейдің Интерпол сияқты халықаралық беделді ұйымнан тыс қалуына кесірін тигізуі мүмкін.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр