АҚШ ақпарат құралдары Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту қадамдарын жасап жатқанын, алайда тағы бір қауіпті қаруды жалғасты пайдаланып отырғанын, ол болса – кибер-шабуыл екенін айтады.
Солтүстік Корея ядролық қаруды дамытқаны үшін халықаралық қауымдастық тарабынан оңбай жазаға тартылды. Алайда, көптеген жылдардан бері Солтүстік Корея кибер-шабуыл арқылы кейбір елдердің банктерінен қаржы ұрлап келе жатқаны мәлім.
АҚШ президентінің мәлімдеуінше, Солтүстік Корея басшысымен кездесуі уәделескендей 12 маусымда өтпек. Дегенмен, хакерлердің шабуылына ұшыраған бір америкалық коммерциялық компания мен кибер-қауіпсіздік мәселесі бойынша АҚШ мемлекеттік органдарына кеңес беруші Cyber Security компаниясы ескерту жасап, Солтүстік Кореяның хакерлік операциялары әлі де жүйелі түрде жалғасып жатқанын, негізінен Азия мен Латын Америкасына көбірек қауіп төндіріп тұрғанын айтты.
Соңғы кездері АҚШ-ты Солтүстік Корея қатарлы бірнеше елдің кибер-шабуыл қатері көбірек алаңдатты. Бұның арасында Қытай да бар. Қытай-АҚШ арасындағы кибер-қақтығыс толастаған емес. Екі тарапта бұл салаға қыруар қаржы бөліп, бір-бірінің мемлекеттік жүйелеріне шабуыл жасап келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау