Әзірбайжан әскері Армениямен шекаралас аймақта әскери қимылдар жасап, стратегиялық маңызы бар бірқатар таулы жерлерді басып алды, деп хабарлайды Haqqin.az агенттігі.
Әзірбайжанның Нахчыван қаласындағы жалпы әскери армиясының арнайы жасақтары бейтарап аймақты бойлай жылжып, Гызылгай және Шарар аудандарымен қоса, бірқатар аймақтарды босатқан. Әзірбайжан тарапының осы позициясы Армения үкіметінің алаңдаушылығын тудырса керек.
Әзірбайжандардың осы әрекеттерінің нәтижесінде 1992 жылдан бері армяндық әскерлер тарапынан бақылауға алынған Гуннут ауылы қауіптен сейілген. Одан бөлек, әзірбайжандықтар Ереван-Горис-Лачин жолдарын бақылауға алу мүмкіндігіне ие болды. Таулы Қарабах дауы өршіп тұрған қазіргідей сәтте бұл армяндар жағының алаңдаушылықтарын оятуда.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел