Қазақстандық шаңғышы Александр Колядин мемлекет тағайындаған сыйақыны жарты жылдан бері ала алмай жүр. Пхенчханда өткен қысқы Параолимпиада ойындарында алтын медаль иеленген спортшы биліктегілердің түрлі сылтауынан әбден мезі болған. Бұл туралы tengrinews.kz порталы хабарлайды.
Колядиннің сөзінше, дүбірлі додадан кейін Қостанай облысының әкімі шаңғышыға жеңісі үшін 1 млн теңге сыйақы беріпті. Ал, мемлекеттен тағайындалған 250 мың долларды әлі ала алмай жүр екен. Жауаптыларға жүгінсе, "ақшаңды бүгін-ертең аударамыз" деген желеумен түрлі сылтау айтып, спортшыны түлкібұлаңға салып келеді.
Осы тұста, портал тілшілері Мәдени және спорт министрлігіне сұрау салған екен. Ондағылар спортшыға тиесілі қаражат келесі аптада аударылады деп сендіріпті.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр