АҚШ-та «Замволтқа» ұқсас үшінші эсминецтің ашылу рәсімі өтті. Жаңа USS B7Johnson (DDG-1002) кемесі америкалық флоттың қатарына 2018 жылы енгізіледі деп жоспарланған. Бұл туралы Naked-science хабарлады.
Ашылу рәсімі, негізінен, 2017 жылдың 30 қаңтарында жабық түрде өткен.
Аталмыш кеменің жасалуы стелс технологиясымен жүзеге асқандықтан, эсминец кемелер тарихында ең қуаты күшті кеме ретінде көрсетіліп отыр. «Замволт» кемесінің ерекшелігі оның үлкен болғанымен, аса қатты байқала бермейтіндігінде және қуаттылығында.
Басты күші – 80 ракеталық «Томагавк», ASROC немесе ESSM. Бортта 155-мм AGS артиллериялық құрылғының активті-реактивті схемасы бар. Ол басқарылатын снарядтар арқылы 148 километр қашықтыққа отты да жеткізе алады. Әзірге технология «шикі», яғни толық дайын болмағандықтан, АҚШ тәуекел жасай қоймады. Себебі, бұл жерде қаржыландыру да бір мәселеге айналып отыр.
Жалпы, «Замволт» аталатын эсминецтердің бір кемшілігі – оның қымбаттылығы. Ең алғашқы кемелерінің өзі 4,4 миллиард АҚШ долларына бағаланған. Ал 2016 жылы үш эсминецтердің құрылыс жұмыстарының программасына 22,5 миллиард АҚШ доллары қажет болған. Бұл – аз қаражат емес.
Дегенмен, жоспар бойынша, бұл үшінші кеме 2018 жылы қолданысқа және америкалық флоттың құрамына енгізілмек.
«The Qazaq Times»