Кеше, 31 мамыр күні Грузияның астанасы Тбилисиде мыңдаған адамнан құралған наразылық шарасы өтті. Наразылық шарасына шығушылардың басты талаптары — үкіметтің кетуі.
Наразылыққа шығушылардың бұл әрекеттеріне 2017 жылғы төбелес кезінде жас жігіттің өлтірілуі себеп болған, деп хабарлайды Грузияның «apsny.ge» агенттігі. Митингке қатысушылар тергеу қорытындыларына наразы, сонымен қатар олар ел президенті Георгий Маргвелашвилиді қатарларына қосылуға шақырды. Наразылық шарасына бірнеше миллион адам қатысты.
Еске салайық, 12 мамырда Грузияның тәртіп сақшылары Тбилисидің ең танымал екі түнгі клубында ауқымды операция жүргізген еді. Операция нәтижесінде есірткі саудасына қатысы бар сегіз адам тұтқындалған. Аталған арнайы операция қала көшелерінде тәртіпсіздік жасаушыларды одан сайын арандатып, наразы қалалықтар парламент ғимаратына жиналған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел