Солтүстік атлантикалық альянсқа мүше-елдер НАТО-Ресей кеңесінің отырысында РФ-ын Украинаның ішкі істеріне килікпеуге және одақтастарын бөлуге тырысқан әрекетін тоқтатуға шақырды. Бұл туралды кеше, 31 мамыр күні өткен жиын соңында АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Кей Бейли Гатчисон мәлімдеді, деп жазады lanouvellerepublique.fr агенттігі.
«АҚШ Ресейге қатысты диалог пен қауіпсіздік саясатын берік ұстанады. НАТО-ның бүгінгі отырысында одақтас елдер Ресейге мықты әрі ортақ үндеу жасады: Украинаның ішкі істеріне араласуды және біздің Альянсты бөлуге бағытталған зиянды әрекеттеріңізді жоғарыңыздар», - деп жазды дипломат. Өзге де ақпарат құралдарының мәліметінше, Мәскеу билігі аталған альянс жетекшілеріне Киевке қысым көрсетуге қайта-қайта өтініш жасаған. Дәл осындай талапты ұзақ уақыттан бері Мажарстан (Венгрия) да ұсынып келеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел