Бүгін, мамырдың 31-і күні Қазақстан парламенті сенаты президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.
“Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы” заң жобасын Парламенттің екі палатасы қабылдап, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдады.
Бұған дейін заң жобасын депутаттарға таныстырған Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев оның қабылдануы “Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін елдің ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуші орган ретінде тануға” мүмкіндік беретінін айтқан.
Заң жобасы бойынша Қауіпсіздік кеңесі төрағасына қауіпсіздік кеңесін басқару, отырыстары мен жедел жиналыстарын шақыру, Қауіпсіздік кеңес туралы жағдайды бекіту, сонымен бірге заңнамада қарастырылатын өзге өкілеттерді жүзеге асыру құқығы берілмек.
Әзірше консультативті-кеңесші орган статусындағы Қауіпсіздік кеңесіне күш құрылымдары, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жұмысын үйлестіріп, заң жобаларын талдау мен заңдардың орындалуын қадағалау функциясы жүктелген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі