Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қымбаттайтынын мәлімдеді. Қала басшысы елордада жолақысы 4 жылдан бері өспегенін, сондықтан жол жүру құнын көтеруге мәжбүр екенін айтты.
"Биылғы жылы жолақыны қымбаттатуды жоспарлап отырмыз. Карта бойынша төлем жасайтындар қазіргідей 90 теңге төлей береді. Ал, қоғамдық көліктерде жол жүру құнын қолма-қол ақшамен айыратындар 180 теңге төлейтін болады" - деді, Исекешев.
Әкімнің сөзінше қазір Астанада транспорттық карта сататын орындардың санын көбейту көзделген екен. Кез келген тұрғын сол орындардан арнайы карталарды сатып ала алады. Бұл - қоғамдық көліктермен жиі қатынайтын тұрғындар үшін тиімді болады дейді, әкім.
Осыған дейін, қалалық мәслихат депутаттары жолақысын 200 теңгеге қымбаттатпақ деген ақпарат тараған еді. Алайда қала басшысы бұл ақпаратты жаңсақ деді. Оның сөзінше, жолақысы 200 теңгеге емес, 180 теңгеге қымбаттайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы