Иран Ислам Республикасының мәжілісі ДАИШ террористік ұйымының 2017 жылы Теһранда (Тегеран) жасаған шабуылдары үшін Халықаралық сотқа АҚШ-қа қарсы талап түсірді, деп хабарлайды FARS агенттігі Иран мәжілісінің депутаты Аболтфази Абуторабидың сөзіне сілтеме жасап.
Депутат Абутораби АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың кезінде сайлауалды науқанда Демократиялық партиядағы бәсекелесі Хиллари Клинтонның Ислам мемлекетінің құрылуына қатысы бар деп айтқанын еске салды. «Трамп сайлауалды науқанда сайлаудағы бәсекелесі Х. Клинтон ханымның АҚШ-тың ИМ-тін құрғаны туралы айтқанын ашықтан-ашық баяндады. Бұл мәселеде АҚШ президентінің сөзінен өзге тағы қандай айғақ болсын », - деп мәлімдеді. Осы жағдайға қатысты Иран мәжілісі Халықаралық сотқа АҚШ-тың үстінен арыз түсірді.
Еске сала кетсек, былтыр, 2017 жылдың 7 маусымында Иран парламентінің ғимаратына белгісіз топтар оқ жаудырған еді. Дәл осы күні Теһрандағы Хомейни имамның мазарына да шабуыл ұйымдастырылып, ақыры бұны істеген ДАИШ содырлары екені анықталған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді