АҚШ президенті Солтүстік Корея басшысымен кездесуден бас тартқанымен, КХДР басшысы Ким Жоң Ун қайтара мәлімдеме жасап: «Трамппен келіссөз өткізуге әрқашан дайынмын», – деді. Бұған қоса сол елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары да өз сөзінде: «Трамптың бұл шешімі тым өкінішті», – деген көзқарасын жеткізді. Солтүстік Корея тарабының бұл ресми мәлімдемесін сол елдің ресми ақпарат құралдары және Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі таратты.

Келіссөздің күшінен қалдырылуына Трамптың көрсеткен себебі – Солтүстік Корея шынайы ниетте емес, астыртын әрекеттерге барды. Алайда, Трамптың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жон Болтон ақпарат құралдарына: «Солтүстік Кореяның ядролық қаруды жою ісі «Ливияның сценарийымен» жүруі керек», – деген пікірін жеткізген. Оған қоса АҚШ вице-президенті де осыған ұқсас көзқарас білдірді. АҚШ лауазымдыларының бұл пікірі Пиоңяң билігін ренжітті.

Ал, BBC-дің хабарына қарағанда, Трамп келіссөзден бас тартқанын, Ким Жоң Унға жолдаған хаты арқылы білдірген. Трамп хатында, «кездесуді асыға күткенін», алайда соңғы жағдайлар «үрейді ұшырған өкініш және ашық қастандық» көптен бері жоспарланған келіссөзді «қажетсіз деп есептегенін» айтқан.

Ақ үй лауазымдыларының айтуынша, Трамп хаттың «үтір, нүктесіне дейін» өзі жазған. Трамп бұл шешімді Оңтүстік Кореяның президенті Мүн Жайнмен кездескеннен кейін қабылдағаны да мәлім.

Дегенмен, президент Трамп хат соңында «Бір күні жолығармыз» деген сөзді де кірістірген. Айталық, Ким Жоң Ун көзқарасын өзгертіп, келіссөздер үшін жаңа уақыт белгілеп жатса қарсы емес екенін, телефон арқылы сөйлесіп, немесе хат арқылы байланыс орнатуға дайын екенін де айтқан.

“The Qazaq Times”