Орыс президенті Владимир Путин әлемде бейбітшілік орнату үшін Ресейдің бәріне дайын екенін және қауіпсіздік саласында Еуропаға көмектесетінін мәлімдеді.
Президенттің сөзінше, Ресей Еуропа елдеріне қауіпсіздік саласында көмектесуге әрдайым дайын. «Эммануэль (Макрон — QT) Tehjgf vty F) АҚШ пен Еуропаның екіжақты міндеті бар деді: Еуропа қауіпсіздік тұрғысынан Біріккен Штаттарға тәуелді. Алайда, Еуропа елдеріне бұған алаңдаудың қажеті жоқ, біз көмектесеміз», - деді Путин. Ресей президенті осы мәлімдемесі арқылы америкалықтарға Еуропадан әскерін шығаратын уақыттың жеткінін айтқысы келген сияқты. Айта кету керек, Американың әскері ІІ Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Еуропадан шығарылмады. Еуропа елдерінің территориясындағы, әсіресе Германиядағы америкалық әскерлер АҚШ-тың Еуродаққа көрсетілген қысымдардың бастысы болып табылады. Ал, Ресей билігі Кеңес Одағы ыдырағаннан бері Еуропа одағының құрамына кіруде жолы болмай әрі ЕО елдерін АҚШ-қа қарсы шығуға көндіре алмай келеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді