24 мамырдан бастап грузин тілдік қоры "Лиетува" (Lietuva) деген сөзбен толықты. Ашып айтар болсақ, осы күннен бастап Грузия Литва елін «Lietuva» деп атайтын болды. Бұл туралы «20minutes.fr» агенттігі Грузияның СІМ-не сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің хабарлауынша, мұндай ұсыныс мемлекеттік тіл департаменті тарапынан жасалған. Мәлімдемеде: «Бұл шешім — екі ел арасындағы достық қарым-қатынастан туған. Литва мен Грузияның арасындағы ел атауы өзгерісіне қатысты шешім аяқ астынан қабылданбады. Біз, литвалықтарға деген құрметімізді осы қадамымыз арқылы дәлелдегіміз келді. Яғни, бір жағынан, бұл — «сыйға — сый» қағидасы негізінде жасалды. Себебі, Лиетува да біздің тарихи атауымызды өзгерткен еді», - делінген.
Еске салайық, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Литва Грузияны ресми түрде «Сакартвело» деп атайтынын мәлімдеген еді. Айта кету керек, аталған екі ел де үстіміздегі жылы мерейтойларын тойлауда. Мәселен, Литва елі мемлекеттің қайта құрылуының 100 жылдығын атап өткен еді. Ал, алдағы уақытта Грузия Алғашқы грузиялық демокартиялық республиканың 100 жылдығын тойламақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті