Израиль билігі палестиналықтарға Рамазан айы бойы Иерусалимге баруға тыйым салды. Бұл туралы kamuoyu.org ақпараттық сайты хабарлайды.
Алдыңғы жылдары Израиль басшылығы Батыс жағалау мен Газа секторы азаматтарына арналған рұқсатнамалық тәртіптемені жеңілдеткен еді. Себебі, Рамазан айында мұсылмандар үшін қасиетті орын — Әл-Ақса мешітіне келушілер көбейетін. Биылғы жылы Газа секторындағы жаппай наразылыққа байланысты, палестиналық анклав тұрғындарының мұндай мүмкіндіктері болмайды. Сонымен бірге, Израиль Батыс жағалау тұрғындарына қосымша бонустар жасады. Яғни, оларға «жұма намаздарын өтеулері үшін он мыңдаған рұқсатнама» берілді. Бұл шекаралық бақылау пунктері қызметкерлерінің жұмыс уақыттарының артуына себеп болды. Ал, кейбір палестиналықтар халықаралық сапарға Тель-Авив әуежайы арқылы шыға алады. 14 мамыр күні АҚШ-тың Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшіргені белгілі. Бұл Газа секторындағы жаппай қарсылық науқанына шығушыларды арандатқан еді. Сол қарсылық науқандары кезінде бір ғана күннің ішінде Газада 60-тан астам палестиналық қаза тауып, 2.2 мың адам жарақаттанған еді.