Алдын ала жасалған келісім бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Жоң Ын 12 маусымда Сингапурде кездеспекші болған. Алайда, осы тарихи кездесу белгіленгеннен бері екі ел басшыларының кездесулеріне қатысты тартыс толастамай тұр.
Бұған дейін КХДР, егер АҚШ «заңсыз әрі өрескел әрекеттерін» тоқтатпаса, осы кездесуге байланысты шешімін әлі қарастыратынын мәлімдеген еді. Бұл туралы бүгін тағы КХДР-дың Сыртқы істер министрінің орынбасары Чио Сон Хи де мәлімдеме жасады.
«АҚШ президенті КХДР басшысы Ким Жоң Ынмен кездесе ме, әлде бізбен ядролық текетіресте қақтығыса ма — бұның барлығы АҚШ президентінің шешімі мен әрекетіне байланысты», - деді ол.
Еске салайық, Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен 16 мамырға жоспарланған кездесуден бас тартқан еді. Оған себеп — АҚШ пен Оңтүcтік Кореяның әскери жоспарлары мен әрекеттері еді. Кейіннен, КХДР басшылығы осы себепке байланысты Ким Жоң Ын мен Дональд Трамптың кездесуі де болмауы мүмкін деген еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді