Сүрия әскері Шам (Дамаск) қаласының маңайын «Ислам мемлекеті» белсенділерінен толықтай босатты. Бұл туралы дүйсенбі күні Сүрия үкіметіне қарасты телеарна хабарлады.
Террорлық топ мүшелерінің соңғы тұрағы Хаджр-әл-Асвад пен Шам қаласының оңтүстік төңірегіндегі палестиналық босқындардың лагері «Ярмук» болған еді. Өткен демалыс күндері ол жерде уақытша бітім жарияланған болатын. Бұдан бұрын бұл аудандардағы бейбіт тұрғындар, әйелдер мен балалар баспаналарын тастап кеткен еді. Одан кейін әскери шабуыл басталды. Шығыс Гутадағы ірі әскери операциядан соң Шам маңайындағы үкіметтік әскерилердің ірі операциялары Сүрияны толықтай құлдыратқан еді. Енді, Сүрия әскері Шам қаласының маңайын «Ислам мемлекеті» белсенділерінен толықтай босатып, қаланың қауіпсіздігін біраз болса да, қолға алды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы