Егер Америка президенті Дональд Трамп Пхеньянның ядролық қарудан бас тартуын талап етуін тоқтатпаса, КХДР басшысы АҚШ-пен кездесуден бас тартуы мүмкін. Бұл туралы Би-Би-Си ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстіккореялық ресми жаңалықтар агенттігі ЦТАК КХДР-ның сыртқы істер министрінің осындай мәлімдемесін жариялады. Аталған мәлімдемеде: «АҚШ ядролық қарудан бас тартуымызды талап етіп, бізді тығырыққа тіреуде. Бізді мұндай келіссөздер қызықтырмайды, сондықтан АҚШ пен КХДР-ның арасындағы алда өткізіледі деп жоспарланған тарихи кездесуді тағы бір ойланып көреміз. Солтүстік Корея алда өтетін саммит Корей жарты аралындағы жағдайды бәсеңдетеді деп көп үміттенді. Алайда, кездесу жақындаған сайын АҚШ түрлі мәлімдемелер жасап, бізді арандатуда», - делінген.
Солтүстік Корея лидері мен АҚШ президенті арасындағы саммит 12 маусым күні Сингапурде өтеді деп жоспарланған еді. Би-БИ-Си агенттігінің Оңтүстік Кореядағы тілшісі Лора Бикердің сөзінше, солтүстіккореялық биліктің бұл мәлімдемесі расымен де Трамппен арада жоспарланған кездесудің болмауы мүмкін екенін білдіреді.
Сонымен қатар, күні кеше сайтымызда Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшыларының тағы да кездесуге шешім шығарғандарын жазған болатынбыз. Алайда, бүгінгі хабарларға қарағанда, Пхеньян бұл кездесуден де бас тартқан. Оның аталған кездесуден неге айнып қалғаны туралы нақты мәлімет жоқ.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі