Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жат ағымды үгіттеген 10-сынып оқушысы түрмеге қамалды. Ол "терроризмді насихаттау" және "діни алауыздық қоздыру" баптары бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қайрат Қоңырбаев хабарлады.
Айыпталушы сот залынан қамауға алынған. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сотталған оқушының туыстары сот үкімімен келіспей, енді аппеляциялық шағым түсіруді көздеп отыр.
Төрт жылға абақтыға жабылған қылмыскер былтыр қараша айында тұтқыналған еді. Ол кезде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Сайрам ауданында терроризмді ашық насихаттаған 11 күдіктіні қолға түсірген.
“The Qazaq Times”

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті