Бүгін, 14 мамыр күні Ресейдің Сочи қаласында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдері басшылары мен Армения премьер-министрі Никола Пашиньянның қатысуымен Жоғары Еуроазиялық экономикалық кеңестің отырысы өтуде.
Аталған елдер басшыларының саммитінде экономикалық интеграцияны арттыру және тауарлар, қызметтер, капиталдар және жұмыс күштерінің ортақ нарығын ырықтандыруға қатысты мәселелерді келісу жоспарлануда. Сонымен қатар, Жоғары Еуроазиялық экономикалық кеңес елдерінің 2018-2019 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттарының негізгі бағыттары қабылданады. Бұлардан бөлек, отырыс қатысушылары атом және жаңғырмалы энергетика, цифрлы энергетика, медицина, әлеуметтік саясат сияқты салалардағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты тәжірибелік қадамдарға барады. Еуроазиялық экономикалық кеңестің халықаралық жұмыстарын кеңейтуге қатысты жобалар да қолға алынбақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті