Париж орталығында қанды қырғын ұйымдастырған лаңкес бір адамды пышақтап, 4 тұрғынды жаралап үлгерген. 21 жастағы қандықол Шешенстан тумасы. Франция азаматтығын 2010 жылы алған екен. 2016 жылдан бері радикалды исламшылдар жақтасы ретінде полицияның бақылауында болыпты. Бұл туралы France Info басылымы хабарлады.
Шабуыл париждік Опера ғимаратына жақын маңда - Франция астанасының туристер көп жүретін ауданында тіркелген. Суық қару асынған жігітті полиция атып өлтірді. Осы оқиғадан кейін, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасы арқылы Азимовтың республикада дүниеге келгенін, онда 14 жыл тұрғанын растады. Қадыров жас баланың радикал ағымның жетегінде кетуіне Франция жауапты деп есептейді.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы