Осыдан 2 жыл бұрын 23 миллион теңгені қалтасына басып, шетел асып үлгерген Қайрат Оразбеков ақыры қолға түсті. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы оны Украинада тұтқындаған. Қазір күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді.
Оразбековке Астана қаласы ішкі істер департаментінің қызметкерлері іздеу салған еді. Ол 2016 жылы ұйымдасқан топ құрып, 23 миллион теңгені жымқырып кеткен екен. Көп ұзамай сыбайластарымен бірге Қазақстаннан қашып үлгерген. Осыдан кейін, еліміздің құзырлы орын өкілдері оған халықаралық іздеу жариялады. Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
“The Qazaq Times”
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?