Қырғыз Парламентінің депутаты Исхак Масалиев экс-президент Алмазбек Атамбаевтың қудаланбау құқығынан айыруды ұсынды. Оның айтуынша, Бішкек жылу электр стансасын жетілдіруге бөлінген қаражаттың жұмсалуын зерттеген депутаттық комиссияның қорытындысында бірқатар мемлекеттік қызметкерлердің, депутаттардың есімдері келтірілген.
"Экс-президент Алмазбек Атамбаевты қылмыстық қудалаудан босататын құқығынан айыруды ұсынамын. Ол заң алдында барлығы тең екенін, қажет болса жауапкершілікті мойнына алуға дайын екенін талай рет айтты. Сондықтан осындай ұсыныс білдіремін. Біз бұл мәселені құқыққорғау органдарының өзі шешуіне мүмкіндік беруіміз керек. Егер таза болса, таза деп айтуымыз керек. Таза болмаса, жауапқа тартуымыз керек!" - деді Масалиев парламент отырысында.
2013 жылы Қырғыз елі Қытайдың "Эксимбанкінен" Бішкек жылу электр стансасын жаңартуға 386 миллион доллар несие алған. Жетілдіру жұмыстары 2017 жылы аяқталды. 2018 жылдың 26 қаңтарында жылу электр стансасында апат болып, қаланың көп бөлігі жылусыз қалған.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі