Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев билікті күшпен басып алуды жоспарлаған – Қырғызстан Жоғары кеңесі жанында құрылған Қой-Таштағы оқиғалар бойынша арнайы комиссия осындай қорытынды шығарды. Мем. Аталған комиссиясының қортындысында Атамбаевты мәжбүрлеп сұраққа алып келу заңды жүзеге асты делінген.
Қортынды мәлімдемеде: «Ең негізгі тиянақ –экс-президенттің заңсыз әрекеттері Қой-Таштағы оқиғаларға түрткі болды. Күштік құрылым өкілдерінің әрекеттерінде де қателіктер бар екені мәлім», – делінген. Ал, Атамбаев тұтқындалғаннан кейін оған қарсы күш қолданғаны туралы кейбір айыптарды арнайы комиссия теріске шығарды.
Мемлекеттік комиссия Қой-Таштағы оқиғаны 4 айдан астам уақыт тексерді. Комиссия мүшелері арасында күштік құрылым өкілдерінің әрекеттері туралы қатаң позиция ұстанғандар да болды.
Қараша айының бас шенінде Атамбаев қамаудағы кезінде ағаш рет мәлімдеме жасап, Қой-Таштағы 7-8 тамыз күндеріндегі оқиғалардың басты себебі құралды шабуыл деп көрсеткен болатын. Ол осы істердің бәріне қазіргі ел президентін Жиенбековты (Жээнбековты) кінәлаған болатын.
Мемлекеттік комиссияның қортындысы бейсенбі күні парламенттің үлкен отырысында қаралатын болады.