Егер де Иран АҚШ-пен кезекті келісімшартқа бармаса... Америка құрама штаттары әуелі экономикалық санкцияларды күшейтеді. Егер Иран әскери қимыл байқатса, онда арадағы кикілжің ушығып, қырғи-қабақ соғысқа ұласады. Бұл - алдымен, Иран үшін ауыр соққы. Экономикалық тұрғыда қыспаққа алынған Иран үкіметі бұл кезде де райынан қайтпаса, АҚШ ислам мемлекетіне қарсы операцияның екінші кезеңіне өтеді. Ал, екінші кезең - сөзсіз, әскери операция. АҚШ ұзақ созбайды. Ракеталық және әуе шабуылдарын бастайды. Оның соңы жол және өндірістік инфрақұрылымның талқандалуымен аяқталады. Иранда парсы ұлтына қарсы (парсылардың үлес салмағы 40%-дан 60%-ға дейін) ыдырау мен ұлттық және діни сепаратизм ұйымдастырылады. Иран үкіметін сол жолмен құлатып тынады, одан әрі Иранның ұлттарын мемлекеттерге бөлшектеуді бастайды. Курдистан мемлекеті пайда болып, үлкен Күрдістан болып бірігеді. Екі Әзірбайжан бір мемлекет болып, түбінде қосылады. Осыдан кейін, Ирак шиит арабтары өлкесін қосып алады. Түркменнің де өз сыбаға-өлкесі бар.
Осы ретте, Қазақстанға да Иранмен сауданы қысқартуға тура келеді. Бірақ Иранның ядролық қаруы ең алдымен бізге қауыпты еді, сондықтан Иранды жазалау біздің мүддемізбен ұштасады. Мұнай бағасы көтеріліп, Қазақстан жүдемейді.
“The Qazaq Times”