7 мамырда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің инауграциясы өтеді. Ант қабылдау рәсімі Кремльдің Андреевский залында өтеді. Ант қабылдағаннан кейін Путин Кремль полкының парадын тамашалайды, деп хабарлайды centralasian.org
Халықаралық және ресейлік агенттіктер Владимир Путин 7 мамырда Думаға премьер-министр кандидатурасын ұсынады деп хабарлады.
Бұған дейін агенттіктер Путиннің жұртқа кедергі келтірмес үшін кортежбен жүру дәстүрінен бас тартқанын жазған. 2012 жылғы 7 мамырда Путин президент болып үшінші рет сайланған. Сол кезде ол көшелерді жауып тастап, Үкімет үйінен Кремльге дейін көлікпен барған.
5 мамырда Владимир Путиннің 4 президенттік мерімізге сайлануына қарсы Ресейдің көптеген қалаларында "Ол бізге патша емес" деген ұранмен наразылық шарасы өтті. "ОВД-Инфо" дерегінше, наразылық кезінде 27 қалада мың жарымнан астам адам ұсталған. Кейін полиция олардың біразын босатқан. Ал қамалғандардың кейбіріне қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
"Левада-центр" зерттеу орталығының әлеуметтанушылары жүргізген сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 47 пайызының пікірінше, Владимир Путиннің билікке келуі "Ресейге ұлы держава статусын" қайтарады. Сауалнамаға қатысқан ресейліктердің 45 пайызы Путин "әлеуметік мәселелерді шеше алмай отыр" және "кірісті дұрыс бөлмейді" деген. Тағы бір топ жалақы мен зейнетақыны көтергенін қалайды. Әлеуметтанушылар 2015 жылмен салыстырғанда, Путинге сенетіндер саны азайып бара жатқанын айтады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі