Иран СІМ басшысы бейсенбі күні түстен кейін ресми мәлімдеме жасап, ИИР тарабының Иран ядролық келісімі туралы қайталай келіссөз жүргізбейтінін және аталған келісімге толықтырулар мен өзгертулер енгізбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы сол елдің IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Иран сыртқы істер министрі Зариф мәлімдемесінде: «Иран алты елмен бірге қол қойған бұл келісімді қайта талқыламаймыз. Өзгертулер енгізбейміз. Егер өзгерістер енгізу керек болса, АҚШ-тың келісімге табанды болуын қамтамасыз ететін бір тармақ қосуға тура келеді», – деді. Ол және сөзінде: «Егер Уашингтон тарабы келісімнен бас тартса немесе бұзса, онда Иран да өзінің келісім бойынша реакция білдіру құқығын пайдаланады. Егер АҚШ түрлі қорқыту мен үркіту әрекеттерін қайталаса, онда Иран АҚШ-қа қайталай келісімге келу орайын да бермейді»,– деді.
Осы аптаның басында Израиль президенті мәлімдеме жасап, Иранды жасырын ядролық бағдарлама жасап отыр деп айыптаған болатын. АҚШ президенті Трамп Израиль Барлау ұйымының дәлелдерін алға тартып, 2015 жылы қол қойған «Иран ядролық келісімінен» бас тартатынын мәлімдеген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы