АҚШ мемлекеттік хатшысының Иран мәселесі туралы мәлімдемесімен қатар, Ақ үй тарапы да ресми мәлімдеме таратып, «Иран режимінің жасырын түрде ядролық бағдарламаны жүзеге асырып жатқаны туралы дәлелдер бар» екенін айтты. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Ақ үйдің аталған мәлімдемесінде: «Иранның белсенді ядролық қару-жарақ бағдарламасы бар. Олар әлемді алжастырып, көзін көлегейлеуге тырысады. Бірақ, бұл мақсаты жүзеге аспайды», – делінген.
Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Саундерс сейсенбі күнгі журналистерге жасаған мәлімдемесінде, Иранға қарата ескерту жасап: «Сендердің жасаған «қателіктеріңді» таптық және бұған түзету жасаймыз. Біздің қазіргі әрекетіміз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді.
Дүйсенбі күні Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған баяндамасында да «Иранның ядролық қару-жарақ бағдарламасы бар» деп көрсетілді. Ақ үйдің аталған мәлімдемелерінен кейін, Иран ядролық келісімі бұзылды деп санауға әбден болады.