Қытайдағы мұсылмандар қажылық сапарға аттанбас бұрын коммунисттік партияның алдында ант беруге міндеттелді. Бұл туралы Business Insider ақпараттық сайты хабарлады.
Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, Шыңжаң аймағының тұрғындары қажылық парыздарын өтеуге бармай тұрып жас мөлшерлері мен жұмыс орындарын, материалдық жағдайларын көрсетіп, арнайы сайтқа тіркелулері тиіс. Діни парыздан өтемек болған мұсылмандарға бұдан өзге де талаптар күшейтілген. Айталық, қажылыққа барушылардың жасы 50-70 жас аралығын қамту керек әрі Үрімжінің кем дегенде 5 жыл тұрақты тұрғыны болулары тиіс. "Осындай талаптарға сәйкес келетін мұсылмандар ғана Қытай коммунистік партиясына шынайы берілгендіктерін растап, интернет арқылы сауалнама толтыра алады", деп хабарлайды Business Insider ақпараттық сайты.
Айта кету керек, Қытай билігі жыл сайын қажылыққа баратын мұсылмандарға қатысты мониторинг жүргізіп келеді екен. Human Rights Watch (Хьюман Райтс Вотч) халықаралық құқық қорғау ұйымының пікірінше, қытайлық билік құрылымдары мұсылмандардың қажылық сапарына «саяси диверсиялық әрекеттерін жасыру» мақсатында ғана жол беріп келеді деп есептейді.
Шынжаңның қазіргі саяси жағдайы тым күрделі. Ондағы дін мен этникалық азшылық қауымға жасалып жатқан қысымдар туралы әлем ақпарат кеңістігі хабардар. Жоғарыдағыдай ұлттардың діни сенім құқығын бұзу әрекеттері бір ғана ұйғыр немесе дүнгендерге ғана емес, ондағы қазақ қандастарымызға да бағытталуда. Адамдардың бостандығы мен құқығын қорғау танымы жоғарылаған қазіргі заманда, Қытай билігінің бұл қадамдары әлем елдерінің алаңдаушылығын тудырып отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді