Сәуір айында Қазақстанның барлық аймағында баспана бағасы арзандады. Тұрғын үйлер қымбат саналатын Астана мен Алматы қалаларында да бағаның төмендеуі байқалды. Бұл туралы krisha.kz порталы мәлімдеді.
Мәселен, Астанадағы үйлердің бір шаршы метрі орташа есеппен 327 мың теңгеге бағаланған. Пәтер құны наурыз айымен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендепті. Ал, Алматыдағы пәтерлердің шаршы метрі 339 мың теңге төңірегінде. Осы тұста, мамандар Қазақстандағы ең арзан үйлердің қай қалада сатылатынын анықтады. Зерттеушілердің пікірінше, бағасы төмен пәтерді Ақтөбе қаласынан алуға болады. Ондағы үйлердің шаршы метрі 152 мың теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ, Тараз, Павлодар, Семей және Өскемендегі үйлер де бағасы арзан баспаналардың тізімінде.
“The Qazaq Times”

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр