Вьетнам мен Тайланд теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізінде бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізді. Хабарға қарағанда, жаттығуға Вьетнам тарабынан Халық армиясы теңіз күштеріне қарасты № 264 және № 265 флоты, Тайланд тарабынан № 432 және № 525 флоты қатысқан. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Бұл жаттығу екі ел арасындағы 37 реткі бірлескен оқу-жаттығу. Екі ел теңіз күштері теңіздегі іздестіру, құтқару, шабуылға өту сынды жаттығуларға ең озық әскери кемелерін қатыстырды.
Тайланд пен Вьетнам елдері мен Қытай арасында Оңтүстік Қытай теңізіндегі иелік құқық турасында қайшылықтар бар. Оңтүстік Қытай теңізіне шектесетін елдердің кемелері жиі ұшырасып қалып жатады. Әскери кемелердің кездесіп қалуы кейде дау-жанжалға ұласқаны да бар.
2014 жылы сәуірде Қытайда өткен Тынық мұхитының батыс жағалауы елдерінің форумында (WPNS) «Теңіздегі жазатайым оқиғалар туралы ереже» қабылданды. Бұл аталған форумға қатысқан 20 елдің әскери кемелерінің кездейсоқ кездесуі кезіндегі әрекеттерге нұсқау берген. Дегенмен, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Тайланд елдері Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әрекеттеріне наразылық танытып келеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы