Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қытай төрағасы Ши Жинпиңмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Түркияның «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Аталған хабарда Түркия мен Қытай басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында Түркиядағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы кеңескен. Бұдан тыс өңірлік мәселелер төңірегінде де сөйлескен. Ердоған Қытай басшысын Сүриядағы қақтығыстардың жалғасуына жол бермеуге шақырған.
Арадағы сауда байланыстарының тығыздығына қарамастан, Қытай мен Түркия қарым-қатынасы мәз емес. Қытай тарабы Түркияның Шынжағдағы мәселе төңірегінде араласуын қаламайды. Әрі Шынжаңда «қауіпті елдер» ретінде насихатталған мемлекеттер тізімі арасында Түркия көш бастап тұр. Дегенмен, аталған хабарда, екі басшы арасында Шынжаң тақырыбы сөз болғаны туралы мәлімет берілмеген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы