АҚШ пен Қытай сауда қақтығысы сәл ғана бәсеңдей қалған сәтте, АҚШ тарабы тағы бір даудың ұшығын ортаға салды. Өткен аптаның соңында АҚШ-тың Қазына департаменті жасаған мәлімдемеде, Қытай экономикасының бағытын қатаң сынға алды. Мәлімдемеде Қытай экономикасы барған сайын нарықтық емес бағытқа дамып бара жатқаны, бұның оның сауда серіктері мен жаһандық экономикаға қауіп-қатері барған сайын артып келе жатқаны айтылды. Бұл туралы VOA басылымы хабарлады.
АҚШ Қазына департаменті әр алты ай сайын өзінің ең негізгі сауда серіктеріне «Әлемдік экономика және валюта бағамы саясаты туралы есеп» береді және бұл есеп Конгреске ұсынылады.
Бұл жолы да Қытай валюталық манипуляциялар тізіміне енгізілмеді. Бұл арнайы бақылау тізіміне тек алты ел ғана кіреді. Егер Қытай валюталық манипулятор ретінде көрсетілсе, бұл алдағы уақытта Қытай мен АҚШ арасындағы сауда қатынасының тіпті де нашарлай түсетінін білдіреді.
Бұл реткі «Әлемдік экономика және валюта бағамы саясаты жөніндегі есеп», Трамп билікке келгелі бері үшінші рет жасалып отыр. Қытай осы үш реткі есепте де манипулятор ретінде танылмады.
Баяндамада Қытай тарабы екіжақты сауда теңсіздіктерін түзетуде нақты нәтиже көрсетпегенін, бұл Құрама Штатты қатты алаңдататып отырғаны айтылған. Сондай-ақ, баяндамада Қытайды екіжақты теңестірілген, әділ сауда қатынасын орнатуға шақырды.
Қазына департаменті Қытай үкіметін нақты шаралар қабылдауға шақырды. Айталық, АҚШ өнімдері мен қызмет өтеуін ашық нарыққа шығару, мемлекет тарабынан араласуды қысқарту, шетелдік кәсіпорындарға нарықта үлкен рөл алуына жол беру қатарлы.
Былтыр қазан айында шығарылған алдынғы есепте де алаңдаушылық білдіретіні айтылған. Бірақ, кезекті баяндамада бұл сөзге басым салмақ беріліп отыр.